0:00 / 0:00
Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияның екі түрі бар. Алғашқысы – 250.00 нұсқасы. Мұны бір рет қана тапсырады. Одан кейінгі жылдары 270.00 нұсқасын тапсыруы керек. Мұны "Азаматтың мүлкі мен табысы" туралы декларация деп атайды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың өзге санаты декларация тапсырады деп күтілгенді. Олардың қатарында студенттер, зейнеткерлер мен жұмысы жоқ азаматтар, Қазақстан аумағында активтері бар шетелдіктер де БАР. Айта кетері, төртінші кезеңде атында мүлкі бар кәмелетке толмаған азаматтар да декларация тапсыруға міндетті. Олар үшін декларацияны заңды өкілдері тапсырады. Алайда, ел үкіметі келесі жылдан бастап бұл санаттағылардың декларация тапсыруын тоқтатып отыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 8 млн адам декларациядан босатылады.
Алайда, жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңін тоқтату ірі шенеуніктердің мүлкін жасыруға мүмкіндік береді деген пікірлер айтылуда. Мысалы, бай-бағландар табысын жасыру үшін қымбат мүлкін зейнет жасындағы әке-шешесінің атына немесе ауылдағы ағайынға рәсімдеп қоюы мүмкін. Алайда, қаржы минитсрі бұған жол бермейміз деп сендіреді.
Ал депутат Базарбектің пікірінше, бұл жемқорлардың заңсыз іс –әрекетін жүзеге аыыруға мүмкіндік беретін шешім. Сондқытан қарапайым халықтың декларацияны тапсыру мәселесі қайта қарау керек дейді.
Бас қаржыгердің айтуныша, мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары, құрылтайшылары, олардың жұбайлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде активтері бар және (немесе) өз бетімен салық салынатын табыс алған тұлғалар үшін жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыру міндеті сақталады. Сондай-ақ, құны 74 миллион теңгеден асатын ірі сатып алулар жасаған адамдарды декларация тапсыратын болады.