0:00 / 0:00
Парламент Мәжілісі мақұлдаған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасы 7 мен 16 жас арасындағы мүгедек балаларды қайта қарап, куәлік беру мәселесі көздейді. Алайда, депутаттар ата-ана баласының мүгедектігін қайта дәлелдетіп сабылтып қоймау керек, балаларының мүгедектігін дәлелдеу үшін кабинет жағалап, құжат жинамай, цифрлық технологияның тиімділігін қолдану қажет дейді. Заң жобасын ұсынып отырған еңбек министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне бірлесіп, тиімді жолын табуды тапсырды
Мәжіліс талқылаған мүгедектердің мүддесін қорғайтын заң жобасында тиімді нормалар ұсынылғанымен, оны жүзеге асыру жолдары әлі шешілмеген. Мәжілісі мақұлдаған заң жобасында мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, 7 мен 16 жас арасындағы мүгедек балаларды қайта қарап, куәлік беру мәселесі бар. Бұл мүгедектігі бар баланың аурына қарай жәрдемақы көлемін белгілеу үшін қажет. Жәрдемақы көлемі 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін артады деп отыр министр. Аталмыш норма 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі баланың мәселесін шешеді. Алайда, депутаттар осы заң қабылданысымен ата-аналар бұд жаңалықты естіп, балаларының мүгедектігін дәлелдеу үшін сабылып шаршайды, түсініспеушілік туады, наразылық орын алады. Сондықтан бұл мәселеде қолжетімді технологияны енгізу керек дейді.
Сондай-ақ, заң жобасында 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы енгізу көзделген.Мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын берілмек. Бұл мүгедек балалары бар және асыраушысынан айырылған отбасылардың кірісін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмікндіші шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталатаны болды. Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алмаса, мүгедек кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді, - дейді министр Серік Шәпкенов.