0:00 / 0:00
Жанар Өтепованың ақ халаттылардың көмегіне жүгініп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. 2018 жылы өт жолына операция жасалып, артынша 10 күннен кейін омыраудың қатерлігі ісігі диагнозы қойылған. Бір жылда екі мәрте отадан өткен Жанар Өтеповаға мүгедектіктің ІІ санаты берілсе, 2019-2022 жылдары ІІІ топқа ауыстырылыпты. Дәрігерлер бұл өзгерісті денсаулық жағдайының оңалуымен байланыстырған. Ал биыл мүмкіндігі шектеулі жан санаты мүлде тағайындалмай отыр. Жанар Өтепованы ауру шыр айналдырып, үйде отыруға мәжбүр қылған. Емханаға өздігінен бара алмайды.
СНХ: ЖАНАР ӨТЕПОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің хабарлауынша, биыл мүгедекті тағайындау шараларына, соның ішінде 12 назологиялық ауруларды сырттай куәландыруға өзгеріс енгізілген. Бұл тізімге қатерлі ісік аурулары да енген. Жанар Өтепова ем қабылдаған емхана науқастың құжаттарын сырттай куәландыруға жолдаған. Оның аясында өзге өңірдің сала мамандары сараптама жасап, мүгедектік тағайындамау туралы шешім шығарыпты-мыс. Оған ем алушының жағдайы тұрақты және қатерлі ісіктің асқынуы болмауы себеп көрінеді.
АРДАҚ МҰҚАНОВА
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МӘС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Мүгедектік санатынан айырылған Жанар Өтепова еңбек етуге әрекеттеніп көріпті. Қаладағы мекемелердің біріне кіші қызметкер қажеттігін естіген бойда жолыққан Жанарды басшылық қызметке қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартқан. Жанар Өтепова «қайтадан мүгедектік санаты тағайындалса, жәрдемақымен амалдай тұрар едім» дейді. Басыбайлы баспанасы да жоқ. Жалдамалы пәтерде тұратын отбасын мазалаған мәселе мүгедектік санатын алу болып отыр. Сала мамандары 4 ай ішінде өзге ауру белгілері анықталған жағдайда ғана мүгедектікті қайта тағайындау тек алты айдан кейін қарастырылуы мүмкін деген ақпарат берді.