0:00 / 0:00
Айымгүл Иманғалиева тумысынан арбаға танылса да тағдырдың басқа салғанын сабырлықпен еңсеріп, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. "Кембағыл жандардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінгенімен, олардың жалпы және кәсіптік білім алуларына, нәтижелі жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу жұмыстары жартымсыз", - дейді кейіпкеріміз.
Бүгінгі күні қаламызда 9 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның 450 -і арбаға танылғандар, мыңға жуығы көз жанары солғандар, ал 180-і есту қабілеті бұзылғандар. Өкініштісі сол - мүгедек жандардың қала ішінде жүріп-тұруы қиынның қиыны. Себебі, тосқауыл көп, пандус жоқтық. Барының өзі талапқа сай емес. Стандартқа сәйкес пандустың жалпы ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі тұтқасы болуы шарт. Еденінің тайғанақ болмауы да ескерілуі тиіс.
Арбаға танылған жандардың жиі алдарынан шығатын жағдайлар көптеген қоғамдық көліктердің мүгедектердің мініп түсуіне сай келмейтіндіктері. Одан да сорақысы кейбір автобус жүргізушілері оларды тіптен жолатқысы жоқ. Аялдамада тұрғанда көрсе де көрмегендей өте шығатындарына кейіпкеріміз көңілі түсіп, Айымгүл қатты налыйды.
Мүгедектер көбірек күні түсетін нысандар ішінде білім, денсаулық сақтау және мәдениет орындары бар. Алайда олардың көбінің есігінен ену - асқар тауды бағындырумен тең екен.