0:00 / 0:00
Мүмкіндігі шекутлі бала тәрбиелеп отырған аналар бас көтерді. Олар көпбалалы отбасыларына жасалып жатқан әлеуметтік көмек, мүгедек бала бағып отырған отбасыларына да жасалуы тисі дейді. Елордада Ақорданың алдына шыққан жүз шақты ана биліктен мүгедек баласы бар отбасыларға баспана беруді талап етті.
Бүгінде елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, оның 88 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Туғанын немесе әртүрлі жағдаймен мүгедек болып қалған баласын бағып-қағып отырған аналар алаңғы шығып, үкіметтен, жергілікті биліктен баспана талап етті. Аналардың бұл жан-айқайы тек бүгін ғана айтылып жүрген жоқ. Көптен бері көмек сұрап, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған олар ақорданың алдына шығуға мәжбүр болдық деп отыр. Мүмкіндігі шектеулі бала бағып, байланып отырған аналар өмірдің қасіретін тартып отырған балалары ең болмаса өз баспанамызда тұрса дейді. Мүгедектік үшін алатын жәрдемақы баланың күтіміне жетер-жетпес. Анасы жұмыс істейін десе, баласын қарайтын жан жоқ. Ал пәтер жалдап шаршаған олар, мемлекет жалдамалы пәтерді кейін атына салып алу құқығымен берсін деген талап қойып отыр.
«Мүгедек балалары бар отбасыларға кейін атымызға салып алатын баспана салыңыздар. Жылдан артық жүрміз. Мүгедек балалары бар аналар баспана сұрап жүргелі қашан. Жалға беретін пәтерді кейін атымызға салып алатын жағдай жасасын»
«Жалдамалы пәтерді кейін жекешелендіруге мүмкіндік бермейтіні дұрыс емес ғой. Ертең біз өмірден озғанда мүгедек баламыз далада қала ма? Интернатқа, жетімдер үйіне бара ма?Көзіміз тірі кезінде балаларымызға жағдай жасағымыз келеді. Олар онсыз да ауру, өмірдің қасіретін тартып жатыр. Соны көрмей ме жоғарыда отырғандар. Депутаттар берген пәтерді атына салып алып жатыр ғой.»
Аналар бас көтерген жиынға қала әкімі Алтай Көлгіновтің кеңесшісі келіп, басу айтуға тырысты.