0:00 / 0:00
Биыл 9000-нан астам батысқазақстандық ұстаз біліктілігі бойынша тест тапсырады. 9 шілде мен 12 шілде аралығында педагогтер тестілеуге өтініш беріп, жазылған еді. Сынақты Орал мен Ақсай қаласында "Юстади" өңірлік тестілеу орталығында тапсырады. Осы уақытқа дейін 2 мұғалім тестілеу ережелерін бұзып, аудиториядан шығарылды. Біліктілігі бойынша сынақ тапсыратын ұстаз бірінші рет тегін, тесттен құлап қалса, 2 рет тамыз айында ақылы түрде аттестациядан өтеді.
Сурет https://aikyn.kz/ сайтынан жүктелді