Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мүдделер қақтығысы

c 17:38, 16/03/2020 c 847

0:00 / 0:00

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері жер телімдерін беру туралы комиссия шешімінде түрлі олқылық тіркелгендігін мәлімдеді. Мәселен, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары жер комиссиясының төрағасы бола тұра конкурсқа қатысқан ағасына жертелімдерін берген. Заңнамаға сай әкім орынбасары туысының конкурсқа қатысатынын білген кезде, аудан әкіміне хабарлауы керек екен. Кейін әкім комиссия құрамын жаңартып немесе өзге шараны қабылдауы шарт.

"Антикор" орталығында жер телімін беру комиссиясының отырысының жұмысы талқыланды. Сала мамандары жер телімдері мәселесіне жауапты комиссия мүшелері мүдделер қақтығысына жол берді деседі. Мәселен, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары өзінің ағасына жер телімдерін берген. Заңнама бойынша әкім орынбасары тума-туысы конкурсқа түсетіндігін білген кезде, басшысына хабарлауы керек болған.

Сондай-ақ жиын барысында жер телімдерін беретін комиссияның құрамында болған азаматтың жер алғандығы да сөз болды. Оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Комиссия мүшесі жер телімдерін беру туралы отырыста дауыс бермеген болып шыққан. Сала мамандары аталмыш жағдайда мүдделер қақтығысы жоқ деген тұжырымға келіпті.

Жиын барысында облыстық білім басқармасы басшысы мен оның орынбасары ұялы телефондарына келіп түскен қаражатты мемлекет меншігіне қайтарғаны белгілі болды. Яғни наурыздың басында басшының орынбасары мен облыстың бас педагогінің ұялы телефон нөміріне 5000, 2000 теңге болатын қаржы келіп түседі. Бірақ бұл ақшаны кім аударғанын анықтау мүмкін болмапты. Қос мемлекеттік қызметші қаражатты мемлекет меншігеніне аударып, облыс әкімінің аппаратына хабарлаған. Сала мамандары барлық сыбайлас жемқорлық деректерін 1424 нөміріне хабарлау керектігін айтады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.