0:00 / 0:00
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Заңнамадағы өзгеріске сәйкес, қос дөңгелекті көлік иелері енді жүргізуші куәлігін алып, мопедтерін мемлекеттік тіркеуден өткізуі шарт.Облыста жалпы саны қанша мопед тіркелді. 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті жүргізуге тыйым салынады. Егер мопед тіркелмесе, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Михаил Кудряшов бүгін екінші көлігін тіркетуге келіпті. Ол мүмкіндігі шектеулі азамат. Соған қарамастан көлік жүргізіп нәпақасын тауып жүр. Қос ұлдың әкесі, жүргізуішлерді заң бұзбауға шақырды. Қазір елде 8527 мопед ресми тіркелген. Оны тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет.
Мопедтерді тіркеу қаңтардың екінші жартысында басталады.Еске сала кетейік, қос дөңгелекті көлікті тіркеу және оны басқаратындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттелген болатын. Тек 16 жасқа толғандарға мопед басқару құқығы берілді.