Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МОПЕДТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДЕН ӨТУІ КЕРЕК

c 17:28, 20/09 c 42

0:00 / 0:00

Жол үстінде автокөліктер, мотоциклдермен қатар мопедтерді де жиі кездестіресің. Өкінішке орай өзге көліктермен жарыса жүретін мопедтердің жол апатына ұшырап жатқанына да куәміз. Көпшілікке мопедтердің барылдаған дауысы да ұнамай жатады. Дегенмен, мопедтер қалалықтардың жиі қолдатанын көлігіне айнала бастады. Әсіресе тамақ, пошта тасып жүрген қызмет түрлері үшін өте ыңғайлы көлік. Алайда, мопедтердің қозғалысы әлі заңмен реттелмеген. Депутаттар бұл мәселені заңдастыруды жөн санап отыр. Сенаттың кезекті жалпы отырысында жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыруды қамтитын заң жобасы қаралып, мақұлданды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, енді мопедтер міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет. Болмаған жағдайда айыппұл тұрағына қойылып, айыппұл салынады.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жарты жыл уақыт беріледі. Мемлекеттік тіркеуден өтуді осы уақыт ішінде аяқтауы керек. Егер мопед тіркеуден өтпесе айыппұл тұрағына қоямыз. Ол мемлекеттік тіркеуден өткізбей иесіне берілмейді. Басқа автокөлік жүргізушілеріне қатысты көлігін тіркемеген жағдайда салынатын айыппұл мопед иелеріне де салынады. Яғни теңестіріледі».

Осылайша мопед жүргізушілерінің жауапкершілігі өзге механикалық көлік құралдары жүргізушілерінің жауапкершілігіне теңестірілмек. Вице-министрдің айтуынша, заңға қол қойылған кезден бастап мопедті тіркеуден өткізе берген жөн. Көлік қозғалысын реттеу демекші оң жақ рөлдегі автомобильдердің мәселесі де сөз болды. Өкінішке орай, тас жолдарда оң жақ рөлді көліктердің қатысуымен апаттар жиілеп кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.