Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мониторингтік топ ауданда

c 17:46, 22/10/2020 c 514

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасары Рафаэль Гасанов келді. Алдымен аудан орталығы Переметныйдағы мектептердің жайымен танысқан арнайы топ кейін аудан әкімдігіне келіп, атқарушы билік өкілдерімен кездесті. Аумақтарды аралап  білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы қордаланған мәселерді анықтау және сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмыстанып жүрген мониторингтік топ өкілі жемқорлық туралы заңға енгізілген өзгерістер жайына да тоқталды. Әсіресе сыбайлас жемқорлық бабы бойынша істі болған мемлекеттік қызметшілерге кешірілім берілмейтінін айтқан ол аудан басшылығына осы мәселені барлық қызметшілерге түсіндіру керектігін жеткізді.Көтерілген мәселенің орынды екенін айтқан аудан әкімі Марат Тоқжанов Бәйтеректегі мемлекеттік қызметшілердің нобайы жемқорлық жасауға бейім еместігін айтты. Кейін мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Тұрғындарға қызмет көрсетілуін, телеграмм бот арқылы алдын ала жазылудың қалайша жүзеге асып отырғанын тексерген Рафаэль Руфикұлы кезекте отырған адамдармен де тілдесті.Бұдан соң аудандық полиция бөліміне барған топ мүшелері құқық қорғаушылардың жұмысымен де танысты. Ел азаматтары қиын жағдайға түскен кезде алдымен полицияға жүгінетінін айтқан Р.Гасанов аудандық полиция бөлімінің басшысы Сұлтан Шалдарбековке келген адамдардың көмек алуына ешқандай кедергі болмауы керектігін жеткізді. Сондай-ақ ішкі істер бөлімінде бірнеше жыл бұрын ашылған полиция бөлімінің кіші жедел басқару орталығының жұмысы  туралы мағұлымат берілді. Полиция бөлімінің басшысы С.Шалдарбековтың айтуынша, осы орталықтың көмегімен қазіргі таңда біраз құқықбұзушылық анықталған, сондай-ақ бір ауыр қылмыс ашылыпты. Одан әрі Бәйтерек колледжіне барған мониторингтік топ мүшелері оқу орнының жай-күйімен танысып, онлайн форматта білім беруге көшкен колледждің оқу үрдісін қалайша ұйымдастырып отырғанын бағамдады. Бүгінде білім беру нысанында 300-ге жуық шәкірт қашықтан білім алуда. Сондай-ақ аудандағы  мектептерді аралау барысында  бірқатар  кемшіліктер анықталды. Білім ошақтарында тепловизорлар істен шыққан. Бұл мәселелер тез арада шешілетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.