Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мониторинг күшейтілген

c 17:34, 05/05/2018 c 805

0:00 / 0:00

Өңірге арнайы ат басын бұрған жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ Теректі ауданындағы бірқатар нысандарды аралап шықты. Аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен орталық ауруханаға табан тіреген олар бұқараның мұң-мұқтажына құлақ түрді.
Теректі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы биылғы жылға 53 мың қызмет түрін атқарып, оның 33 мыңын электоронды түрде көрсеткен. Орталық бүгінде бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бос компьютерлер арқылы әр тұрғын мекенжайлық анықтама немесе айыппұлдары туралы біле алады.
Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мұнда тек қызметкерлер ғана емес, тұрғындар да арнайы оқытудан өтетінін атап өтті. Бұл үшін арнайы бұрыш дайындалып, жағдай жасалған. Мониторингтік топтың мүшелері бұдан соң аудандық емханаға да табан тіреді. 1972 жылы салынған ғимарат ең алдымен қонақүй ретінде ашылыпты, ал тоқсаныншы жылдары оның орнына медициналық мекеме өз есігін ашқан. Еш жөндеу көрмеген ғимараттың ескіріп, жөндеуді қажет етіп тұрғынын Астанадан ат терлетіп келген топ мүшелері бірден байқады.
Комиссия мүшелері халықтың барлық сұрақтарын мұқият тыңдап, келелі мәселелердің шешілетінін айтты. Ал ең күрделі, өзекті деген сауалдар Астанадағы құзыретті орындарға жеткізілмек.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.