0:00 / 0:00
Орал қаласында халыққа арналған цифрлық кеңседе мемлекеттік қызметшілер тұрғындарға кеңес берді. Оралдықтар мобильді топтың құрамына енген мамандарға толғандырған сұрақтарын жолдады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен халыққа арналған цифрлық кеңседе мобильді топ азаматтарды қабылдады. Мобильдің топтың құрамында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, білім беру бөлімі, полиция мен жер қатынастары бөлімінің мамандары мен заңгер болды.
Акция барысында тұрғындар мамандарға интернет алаяқтығы, баласын мектеп пен балабақшаға орналастыру мен тасқын судан зардап шеккен тұрғындар сауалымен жолыққан.
Ұйымдастырушылар мұндай акциялар мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді,- дейді. Болашақта игі бастама өз жалғасын таппақ.