Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МИНИСТРДІҢ УӘДЕСІ

c 08:12, 11/05 c 67

0:00 / 0:00

Қазақстанда тағы да қант тапшылығы орын алып, баға шарықтап кетпей ме?-деген сұрақ мазалайды. Себебі, Қазақстан жаздың соңына дейін қант экспортына тыйым салып отыр.
Яғни Қазақстаннан үшінші елдерге, оның ішінде халықаралық транзитті қоспағанда, ЕАЭО-ға қатысушы елдерге қант экспортына уақытша тыйым салынды. Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына не себеп? Бұған дейін хабарланғандай, қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мәселелері қаралғанды. Қазiр қоймалардағы қант қорының және Қазақстанға импорт көлемiнiң теңгерiмi шамамен 256 мың тонна, бұл елдiң жылдық қажеттiлiгiнiң жартысы деп отыр шенеуніктер. Яғни жылдық сұраныс 500-550 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылық министрінің айтуынша, Ресейден қант жеткізуге уағдаласқан. Сапаровқа сенсек алдағы үш ай жазда қант тапшлығы болмайды, баға шарықтамайды.

Ал көктемгі су тасқынына зардап шеккен өңірлерде мыңдаған мал қырылғанын білеміз. Оның өтеуі қалай болмақ? Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметінше, тасқын су басқан аймақтарда 138 мың 800 бас мал құтқарылған. Дегенмен, қырылған төрт түлік малдың саны 9 761 басты құрап отыр. Оның 98 пайызына утилизация жасалды. Министр мал шығын өтеудің алгоритмі бар деп отыр. Азаматтардың малына құжаты болса, бюджеттен төленеді. Ал құжаты жоқтар осыншама малы қырылғанын дәлелдеуі үшін куәгерлері болмаса, өтемақыдан қағылады.

Бүгінгі таңда 4801 бас малдың шығыны өтелді, яғни 1 млрд 198 млн теңге төленген. Бұл жұмыс одан әрі жалғаса бермек. Айдарбек Сапаровқа сенсек қанттан да таршылық көрмейміз, қырылған малдың да өтеуін өтеп аламыз. Дегенмен, Сапаровтың уәдеге берік екенін уақыт көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.