Батыс Қазақстанда 250ге тарта жұмыссыз бен жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлек мемлекеттік қызметке орналасқан. Бұл Елбасымыз атап өткен меритократия қағидасының жемісі. Ұлттық құндылықтардан бастау алып, заманға лайық меритократиялық қоғам құру бағытындағы жұмыстар елімізде қарқынды жүруде. Әр адамға еңбегіне лайық құрмет көрсетіп, бәсекеге жол ашатын таза, ашық ортаны қалыптастыру - Президентіміз деттеген меже. Кадрлық саясат жұмыстарынің Батыс өңіріндегі нәтижелері мен негізгі бағыттары бүгін облыстық мәслихатта талқыға түсті. Алқалы жиын барысында мемлекеттік кәсіпорын, ұлттық компаниялардың және бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына меритократия қағидатын енгізу жөнінде жоспар құрылды.