0:00 / 0:00
Батысқазақстандық 46 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды. Мерекелік жиын Салтанат сарайында өткен еді. Шарада сөз алған облыс басшысы өңірміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, мерекемен құттықтады.
Тәуелсіздік мереке қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қазақстанның азаматтарға арналған мемлекет екендігін атап өтті. Жыл санап экономикамыздың дамуы мен бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалып келеді. Мәселен, өңірімізде 115 мың адам кәсіпкерлік саласында жасап жатыр.
Ел үшін қызмет жасап жүрген жандар мемлекеттік марапатқа ие болды. Марапаттқа ие болған жандардың қатарында Валерий Голоухов та бар. Ол биылғы жылы оралдықтарға қала күні қарсаңында тынымбақ сыйлаған еді.
Шара соңында облыс басшысы марапатқа ие болған жандарға құттықтап, оларға табыс тілеп, тағы бір мәрте қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.