0:00 / 0:00
«Мерейлі отбасы» - отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған байқау. Шаңырақ шаттығына бөленіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан әр өңірдегі жанұяларды тануға мүмкіндік береді. Сондықтан жыл сайын ұйымдастырылады. Қатысуға ниет білдірген отбасылардың қатары да артуда. Хамзиндер отбасы бұл байқауға алғаш рет қатысқан. Жәнібектік әулет бірінші сында-ақ байқауда топ жарды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында байқау жеңімпаздары марапатталды.
АМАНГЕЛДІ ХАМЗИН
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Сондай-ақ оралдық Хамзиндер әулеті де «Үлгілі отбасы» номинациясының иегері атанды. Жанұя мүшелері әр салада еңбек етеді. «Осы өңірдің тұрғындары ретінде өз үлесімізді қосудамыз»,- дейді медицина саласының қызметкері Бегайым Хамзина.
БЕГАЙЫМ ХАМЗИНА
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға 200-ден астам өтініш түскен. Оның ішінде 13 отбасы облыстық кезеңге жолдама алған. Бұл сындағы бас жүлде иегері-жәнібектік Хамзиндер әулеті республикалық кезеңде өңір намысын қорғамақ.