Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу

c 15:59, 14/04/2020 c 401

0:00 / 0:00

Өткен жылы БҚО мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлыққа жол берген 29 қылмыс тіркелген. Сала мамандары жемқорлықтың кесірінен 500 млн. теңгеге шығын келгендігін айтады. Мемлекеттің ақшасын жымқырып, қитұрқы іс-әрекетке барып, қаржыны діттеген жеріне жұмсамаған тұлғалар темір тордан бір-ақ шығып, бар дүние-мүлкінен айырылған.

Өткен жылы БҚО-да 220 млрд. теңге мемлекеттік сатып алу бойынша жұмсалды. Қыруар қаржының есебінен үй салынып, жол жөнделіп, халықтың мұң-мұқтажына қажетті тауарлар мен қызметтер көрсетілді. Десек те, азаматтардың салығынан құралған мемлекеттің қаржысын, өзінің иелігіндегі ақша деп санап, бармақ басты, көз тыстыға барып, үкіметтің ақшасын жымқырып, қалтаға баспақ болғандар бар. Бүгінде қылмыскерлердің іс-әрекетінен облыстың бюджетіне 500 млн. теңгедей шығын келгені анықталып отыр.

Барлығы ашық әрі бұқараға жария ретінде ұйымдастыру үшін барлық мемлекеттік сатып алу процесі арнайы порталда өтеді. Бірақ осы порталды пайдалану барысында қасақана немесе білместіктен қателіктер жасап, күдікке ілініп жатқаны бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары мен "Атамекен"ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алудың ортақ терезесін жасақтады.

Үш айдың ішінде мемлекеттік порталды жіті бақылаудың арқасында бюджеттің 30 млн. теңгесі үнемделіпті.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.