0:00 / 0:00
Торқалы тәуелсіздіктің отыз жылдығына тура 30 күн қалды. Бір ай бойы Орал қаласында мейрамға орай түрлі шара ұйымдастырылмақ. Отыз жылдыққа арналған шаралар легі -Жастар мәдениет үйінде басталды.
Жастар мәдениет үйінде тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай "Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" атты патриоттық шара өтті.
Мерекелік шара барысында жастар рәміздерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Және құлақтан кіріп бойды алған әсем әндер шырқалып, көрермен мың бұралған бишілердің өнеріне көзайым болды.
Азат елдің ұлттық нышандарын қастерлеген шарамен тәуелсіздіктің отыз жылдығы тойының басталуы тегін емес. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді.