Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік лауазымға мораторий жарияланды

c 17:24, 19/03/2021 c 745

0:00 / 0:00

Қазақстанда қазір мемлекеттік қызметкер болу мүмкін емес. Себебі үкімет ағымдағы жылдың  1 шілдесіне дейін мемлекеттік лауазымға мораторий жариялады. Өздеріңізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекеттік қызметшілердің санын 25 процентке қысқартуды тапсырғанды. Сондай-ақ, мемлеекттік қызметкерлердің жалақысы 30 пайыздан 150 пайызға өседі деп отыр құзырлы орган. Қызметкерлердің қазақ тілін білуіне де басымдық жасалмақ. Себебі, қазір шенеунік қандай да бір лауазымға тағайындалса, оның мемлекеттік тіл туралы тапсырған тесті назарға алынып жатқан жоқ. Бір ауыз қазақша білмейтін шенділер бізде көп.

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктерді халыққа қызмет ететін жүйе енгізбек. Жалпы олар халықтың салығынан жалақы алып отырғанын ескерсек, бүгінгі шенеуніктер оны сезініп те жүрген жоқ. Бірі лауазымға адал еңбегімен келсе, енді бірі аға-көкенің арқасында қол жеткізеді. Ал ондай шенеуніктің халыққа қызмет етууге ниеті де жоқ екені сөзсіз. Жемқорлық та осыдан туындайды. Енді мемлекеттік басқару саласында «кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» деген ұғымдар енгізіледі. Қағазбастылықтан арылып, цифрландырылған қызметке ауысады. Мемлекеттік қызметкер мен халықтың байланысын қысқартып, бір терезеден қағидаты енгізіледі. Қызмет түрлері толық автоматтандырылады. Бұл парақор, жемқор шененуіктерден арылуға жол береді дейді агенттік басшылығы.

Осылайша, халықтан түсетін арыз-шағымдарды қараудың бірыңғай жүйесі енгізіледі. Адамдар мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүрмейді. Барлық құжатты бір жерге тапсырады. Сол жерден оны тиісті мемлекеттік органдарға таратады. Негізі мемлекеттік лауазымға тағайындалғанда тест тапсырады. Оның ішінде қаза тілін білу деңгейіне тапсыратын сынақ та бар. Алайда, қазақстандық шенеуніктер үшін бұл жәй ғана көзбояушылық. Қазір мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін білу деңгейі өте төмен. Қазақ тілінде жазылған баяндаманы ежелеп оқып тұратын министрлер де баршылық. Жазықбаев мырза шенеуніктердің мемлекеттік тілді білуіне басымдық жасалады деп сендірді.

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік қызметкерлер санын 25 пайызға қысқарту туралы президенттің тапсырмасы бар. Ол үрдіс кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Биыл шілде айына дейін мемлекеттік лауазымға қабылдауға мораторий жарияланып отыр.

Жарқын Тілеукенов - ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры «Иә, қазіргі кезде тиісті қаулының жобасы дайын. Осы құжаттың аясында 1 шілдеге дейін қызметке тұруға мораторий енгізу жарияланды».

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30 –дан 150 пайызға дейін өсіру жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.