0:00 / 0:00
Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөлімшелері жабылып, оның орнына арнайы ХҚКО-нда тіркеу-емтихан бөлімдері құрылып, жұмысын бастады. Енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беруді Азаматтарға арналған үкімет қашықтықтан электронды өтініш бойынша қарайды. Яғни, темір тұлпар тақымдамақ болған талапкерлер бұрынғыдай автомектептен бастап, полиция департаментіне бірнеше сынақ тапсырмай, мұнын бәрін автоцон арқылы бір-ақ күнде жүзеге асыруға болады. Тек болашақ шопырлардың білім-білігі сынаққа сақадай-сай болса болғаны. Шілде айының өзінде жүргізу куәлігіне ие болуға өтінім берген 800 тұрғынның 300-і емтиханнан сүрінген.
Жаңашылдық аясында атқарылған істер баршылық. Айталық, осы орталықта шілде айында 9 мыңға жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. ЕGOV порталы арқылы да мыңа жуық тұлғанынң өтініші мақұлданған. Сонымен бірге, аталған бөлімге 086 медициналық форма берілетін арнайы кабинеттер қарастырылып отыр.
"Цифрлы Қазақстан" бағдарлмасы аясында Азаматтарға арналған Үкімет порталы Мемлекеттік жер кадастры қызметін автоматандыруды бастады. Қазір жер кадастры базасының базалық деректер қоры графикалық және атрибуттық бөлімде жұмыстанып отыр. Жер телімінің орналасқан жері және иесіне қатысты құжат атрибуттық бөлімде сақталған болса, схемалық бөлімде жер телімінің жалпы ауданы көрсетіледі.
Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында келешекте мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры мен жер кадастрын қосып, бірыңғай база жасақтау мәселесі тұр.