Енді мемлекеттік қызметкерлер мен олардың туыстарына сыйлық алуға болмайды. Бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа жол бермес үшін өзгеріске ұшыраған заң актілеріне қол қойды. Жаңашылдыққа сәйкес енді мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы, балалары мен ата-анасына сыйлық алуға тыйым салынды. Қызметкерлер қандай да бір сый алса, оны дереу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандарына хабарлау керек. Департамент қызметкерлерінің таратқан ақпарына сүйенсек, биыл екі маман сыйлық берді деп хабар беріп, тегін келген дүниені мемлекеттік мүлік департаментіне өткізген.