0:00 / 0:00
Бұл мамандардың жалақысын 2 есеге өсіруге мүмкіндік береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай жаңашылдықтар жөнінде мәлім болды. Аталмыш жоба "100 нақты қадам" ұлт көшбасшысының бағдарламасы асында жүзеге асуда.
Мемлекеттік қызметкерлер ақысын жаңа жүйемен төлеу жүйесі қанатқақты жоба ретінде 4 мемлекеттік органда іске қосылыпты. Олар мемлекеттік қызметкерлер ісі агенттігі, әділет министрлігі, Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдігі. Жоба аясында еңбекақыға қосылатын балдық жүйе қарастырылған. Айлықтан бөлек бонустар енгізіледі. Оның көлемі жылдың соңындла төленетін 4 айлықтан кем емес мөлшерде. Қазақстанда аталмыш әдіспен 174 жеке компания жалақы төлейтін көрінеді. Цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту мәселесі көзделуде.
Жаңадан енгізіліп ждатырған жобалардың бірі қызметтік көлікті пайдалануға қатысты. қазіргі күні шенеуніктерге арналған жаңа жүйе Астана қаласында іске қосылуда. Жаңа жүйе орталық пен өңірдегі мемлекеттік қызметкерлердің, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектордағы қызметкердің еңбекақысындағы сәйкессіздікті жоып, жалақыны өсіруге мүмкіндік туғызады.