Оралда мемлекеттік қызметкерлер медициналық тексерістен өтуде. Облыстық мəслихат ғимаратында дəрігерлер қабылдау жүргізіп жатыр. Бұл жерде мемлекеттік қызметкер қан қысымын өлшеп, сараптамаға қан тапсырып, рентген аппаратына түсе алады. Сондай-ақ терапевт, окулист, лор, хирург сынды мамандарға көрініп, толықтай медициналық тексерістен өтіп шығады. Аймақ бойынша 4000-нан астам мемлекеттік қызметкер бірнеше күн үшінде дəрігерлік тексерістен өтеді дейді ақ халаттылар.