0:00 / 0:00
Жастар мемлекеттік қызметкер болуды армандайды. Ол үшін жастар резервіне арнайы сынақтан өтуің керек. Бұл сынақ онлайн режимде ашық, әділ өтеді деп сендіреді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрайымы Анар Жайылғанова. Ендігі бірінші кезеңі сынақ тапсырған. Жайылғанова ханым, өзіне телефон шалып, баласын қызметке өткізіп беруді сұрағандар болғанын айтады. Алайда, бұл мүмкін емес дейді ол.
Мәтін. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте бәрі қатаң. Журналистердің жүріс-тұрысы, сұқбат алуы, кімнен сұқбат алатыны да алдын-ала шешіліп қойыпты. Ең алдымен тілшілерді сыртта күттіріп қойғаны аздай, ішке кірген соң өз ережелерімен жұмыс істеуді нұсқады. Қайтеміз, өздері ұсынған спикерден сұқбат алдық. 5 жыл бойы кәсібін өрлетіп, қомақты ақша тапқан Бекжан Әлімқұлов жастар резервіне сүрінбей өтіпті. Бизнесте жүрген жігітке жалақысы аз мемлекеттік қызметтің керегі қанша деген сұрақ туындады. Бекжан бірден «ағам, көкем жоқ, жалғыз анамың тәрбиесін көрдім»- деді. Ал мемлекеттік қызметке не үшін ынталанып отырғанын былай түсіндірді.
Еске сала кетейік, Президент мемлекеттік қызметке, сондай-ақ квазимемлекеттік секторға басшылыққа жастарды тартуды тапсырған болатын. Мемлекеттік қызметке өту үшін кадр резервінде тұруың керек. Ол үшін сынақтан өту қажет. Агнеттік басшылығы, бұл сынақтың ашық, әділ өтіп жатқанын айтып сендірді. Тіпті Жайылғанова ханым өзіне хабарласып, ұлы, қызы үшін көмек сұрағандар болғанын айтады. Бірақ төрайым әділдікті ту еткен..
Бұл орайда, президенттік тізіміге ілігу оңайға соқпайды. Қатаң таңдаудан өтеді. Қызметтік сатыда өсуді армандаған азаматтардың жасы 35 –тен аспауы керек. Жоғары білімді, 5 жыл еңбек өтілі бар, осы елде тұратын азамат болуы тиіс.