Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдаудың шарапатын көргендер көп

c 17:00, 15/08 c 45

0:00 / 0:00

Казталов ауданында халықты азық-түлікпен қамту ісі жолға қойылған. Ауданда әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын ұстап тұру үшін ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Казталовта мемлекеттік қолдаудың шарапатын көріп, кәсібін дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер көп. Мемлекеттік демеудің арқасында бірі -бизнесін бастаса, енді бірі- кәсібін кеңейткен.

Бұл-Альбина Сәрсенғалиева. Ол 10 жыл бұрын кәсіп ашқан. Кейіпкеріміз бизнесін шағын дүкеннен бастапты. Жыл санап мемлекеттік қолдаудың арқасында аудандағы ірі кәсіпкерге айналып, 20-дан астам ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Бүгінгі таңда Жалпақтал ауылында тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамту ісі жолға қойылған. Альбина Сәрсенғалиева әлеуметтік маңызы бар 9 тағам бағасын қымбаттатпау үшін жұмыстанып келеді. Ол өткен жылы «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы кәсібін кеңейту үшін жеңілдетілген несие алған. Соның арқасында халықты азық-түлікпен қамту ісінде іркіліс жоқ.

Альбина Сәрсенғалиева, кәсіпкер:

- Осындай несиелердің пайдасы өте зор. Маңызы деп ойлаймын. Бір жағынан халыққа да тиімді төмен бағамен сатқанымыз. Кәсіпкерлерге де пайдасы көп. Өйткені оның пайызы 0,001. Бұны бізге төлеуге ешқандай қиыншылық соқпайды,-дейді.

Жалпақтал ауылындағы супермаркетте ет, сүт, көкөніс пен нан өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан әлдеқайда арзан саудалануда. Ауыл тұрғындары қалтаны қақпайтын дүкеннен сауда жасауға асығады. Ауылдық ағайын супермаркеттің жұмысына дән риза. Мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген кәсіпкердің қай-қай бастамасын да қолдауға әзірміз,- дейді ауылдастары.

Зәуре Тілегенова, Жалпақтал ауылының тұрғыны:

-Өзім жиі келемін. Жиі тұтынамыз. Халық риза деп ойлаймын. Өйткені бағаның бәрі көңілге қонымды және тауардың түрі көп. Мұнда нан өнімдері де бар. Хозтоварлар да бар. Ет өнімдері де бар. Фарш бар. Жаныңа не керек соның бәрі бар деп айтуға болады. Бағасы жақсы. Кейбір сауда орталықтарымен салыстырғанда едәуір арзан деп айта аламын. Өзім осы маркеттен сауда жасаймын,-дейді.

Кейіпкеріміз- бірнеше жеңілдетілген несие алып, мемлекеттік қолдаудың шарапатын көріп отырған жан. Арманы асқақ кәсіпкер Жалпақталда наубайхана ашып, нан өнімдерін саудалап отыр. Қазіргі таңда осы цехта нанның бірнеше түрі пісіреді. Күн санап, наубайхананың өніміне деген сұраныс артып келеді.

Айнагүл Садықова, наубайшы :

-Бір күнде деген 350-400-дей нан пісіріледі. Кейде бес жүзге шейін барады. Кейде сұраныстар көп болған кезде заказ берген уақыттарда. Высший пісіреміз, первый пісіреміз. Второй сорт пісіреміз. 3 түрлі нан. Сосын Ромашка, батон пісіреді бізде. Бір форма нанға 680 грамнан саламыз,-дейді.

Жалпақталдық Альбина Сәрсенғалиева секілді Казталов ауданында 2000-нан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Соның арқасында 2800-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған. Өткен жылы ауданда кәсіпкерлікті дамытуға арналған 19 жоба іске асып, 50-ге тарта адам жұмыспен қамтылды. Жобалардың жалпы құны 447,3 млн теңгені құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.