Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару өзгереді

c 11:53, 02/09/2020 c 508

0:00 / 0:00

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі ұсынылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 бөлімнен тұратын Қазақстан Халқына Жолдауында  биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартуды тапсырды. Ішкі істер министрлігінің құрамына өзгеріс енгізігіп, Төтенше жағдайлар министрлігін құруды тапсырды. Енді министрліктерде жауапты хатшы деген лауазым болмайды. Сот, құқық қорғау органдары және прокуратураның жаңа кезеңдегі жұмысын өзгерту айтылды. Жемқорлықпен күресте депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлердің шетелдегі есеп-шоттары бақылауға алынады. Ауыл әкімдерін халық сайлайтын болады. Ауыл шаруашылықты дамыту барысында, отандық өнімді көбейтуге басымдық жасалады. Су жаңа стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Президенттің бұл жолғы жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа моделі ұсынылып отыр. Тоқаев экономикалық дағдарыстан шығу үшін басқару жүйесін қайта жүктеу қажет деді. Ең бастысы саны көп, сапасы жоқ квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санын, биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартуды тапсырды.

Жолдауда айтылғандай,  Ішкі істер министрлігінің құрылымына өзгеріс еніп, Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылады. Сондай-ақ, министрліктердегі жауапты хатшылар жұмсақ орнымен қоштасатын болды. Тоқаев, мұндай лауазымның қажеттігі жоқ екенін айтты.Президенттің айтуынша, министрлер мен жауапты хатшылардың бір-бірін түсінісе алмайтын кездер көп орын алады. Салдарынан сапалы жұмыс жоқ. Мемлекеттік басқарудағы жаңашылдықтың бірі- стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрылмақ.  Реформалар жөніндегі жоғарғы президенттік кеңес құрылып отыр. Ал ахуалды тиімді бағалау үшін агенттіктің құрамына статистика комитеті ауыстырылады.

Елде белең алған сыбайлас-жемқорлықпен күрес барысына да өзгеріс қажет. Президенті шенеуніктер мен депутаттардың шетелдегі есепшоттарын бақылауға алып, жаңа шектеулер енгізуді тапсырды.

Бұл орайда Президент сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасына тиым салды.  Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керектігі айтылды.  Тоқаев шикізатқа тәуелділіктен бас тарту үшін, отандық өндірісті дамытуды тағы айтты. Экономиканың басты драйвері агрокешен болуы тиіс. Отандық өнімді арттырып, экспорттың әлеуетін өсіру тапсырылды. Ол үшін ауылдағы шаруаларды қолдау қажет.

Әкім бол, халқыңа жақын бол деген қағидамен, ауыл әкімдерін сайлайтын болдық.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты мәселені үкіметке зерделеп шығуды  тапсырды. Қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек", - деді Президент.   Аймақтарды бюджеттен қаржыландыру, ауыл бюджетін өсіру, 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол салуды тапсырды. Сондай-ақ, Тоқаев үкіметтің жұмысы халықтың жіті назарында екенін еске салды. Жылда бір-екі көшені жөндеуге, әкімдер мен министрлердің имиджіне ақша шашуды тоқтатуды басып айтты. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау туралы заң қабылдауды тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.