Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекетке қажеті жоқ функцияларды жою керек

c 18:11, 01/04/2021 c 514

0:00 / 0:00

Сенаторлар қажет емес мемлекеттік функцияларды жою керек дейді. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік аппаратында тым көп адам қызмет етеді. Мемлекеттік органдардың функциялары азаюдың орнына көбейіп жатыр. Шенеуніктер өз міндеттерін жергілікті атқарушы органдар мен бәсекеге қабілетті ортаға беруге асығар емес дейді депутат  Қанатбек Сафинов. Саясаттаншулардың айтуынша,мемлекеттік органдардағы аса қажеттілігі жоқ  функцияларды шенеуніктер сыбайлас жемқорлық операцияларын жасау үшін ұстайды. 2015 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік функциялардың саны төрт жарым мыңға жуықтады.

Президент саны көп, сапасы жоқ мемлекеттік қызметкерлер санын 25 пайызға қысқартуды ұсынды. Ендігі мемлекеттік органдарда бұл шаруа қолға алына бастады. Сонымен бірге бір-бірінің жұмысын қайталап отырған мемлекеттік органдардағы кейбір функцияларды да жою қажет. Алайда,  шенеуніктердің функционалдық белсенділігі соңғы жылдары азаюдың орнына  өсіп жатыр. Кейбір мемлекеттік қызмет түрлерін тапсыру саясаты азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін арттырып, бюрократиялық аппаратты қысқартуға мүмкіндік беруде дейді сенатор Сафинов.

Қанатбек Сафинов – ҚР парламент сенатының депутаты «Мемлекетке қажеті жоқ функцияларды жою керек. Олар бір-бірінің жұмысын қайталап отыр. 2015 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік органдар туралы ережеге сәйкес мемлекеттік функциялардың саны төрт жарым мыңға жуықтады. Қазір бұл функциялардың саны одан да көп болуы мүмкін, себебі тәжірибе мемлекеттік органдардың функцияларын азайтудың емес, көбейтудің жолымен келеді».

Алайда, саясаттанушылар мемлекеттік функцияларды қысқарту, нарыққа беру мәселесін жүз ойланып жасау қажет дейді. Бизнестің жауапкершілігі артуы тиіс, қоғам дайын боулы керек.

Саясаттанушылардың пікірінше, шенеуніктер сыбайлас жемқорлық операцияларын жасау үшін қолындағысынан айырылғысы келмейді. Қазақстанда мемлекеттік аппаратта қызмет істейтіндер саны тым көп. Алайда, мәселе шенеуніктер санының көптігінен емес, мемлекеттік басқаруда болып тұр. Мемлекеттік аппаратта қызмет істейтіндердің 20 пайыз өз ісінің маманы болса, қалған 80 пайызы солардың арқасында жүр.

Досым Сатпаев –саясаттанушы «Біздің мемлекеттік аппарат тым үлкен. Сөйте тұра тиімсіз. Әдетте қызметкерлердің 20 пайызы қалған 80пайызды сүйреп жүреді. Қазақстанның мемлекеттік аппараты дәл солай 20/80 парето қағидасымен жұмыс істейді».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.