Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекет қарамағына өтті

c 17:40, 18/09/2019 c 686

0:00 / 0:00

15 жылға сенімгерлік басқаруға берілген «Батыс су арнасы» қайтадан мемлекет қарамағына өтті. Бұл туралы Орал қалалық қаржы бөлімінің мамандары мәлімдеді. Осыдан үш жыл бұрын 100% мемлекеттік үлестегі «Батыс су арнасы» ЖШС қайта сатып алу құқығымен «Су ресурстары-маркетинг Орал» ЖШС-ның сенімді басқаруына өткен еді. Алайда сенімгерлік басқару барысында коммуналдық мекеме шығынға батып, компания мен мемлекет арасындағы келесімшарт бұзылды. Жалпы жекешелендірудің екінші толқынының негізінде облысымызда 2014 жылы мемлекеттің қатысу үлесі бар коммуналдық меншіктегі үш нысан және 2015 жылы облыс әкімдігінің қаулысы бойынша 5 жекешелендіру нысаны сенмігерлік басқаруға берілген еді. Ал сенімгерлікпен басқарудан күтілетін нәтиже - мемлекет тарапы мен жеке кәсіпкер тәжірибесін біріктіру арқылы мемлекеттік меншік нысанындағы объектілерге тиімді басқару және жұмыс сапасын одан әрі дамыту болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.