Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Мектептердің  қауіпсіздігіне қыруар қаржы қажет»

c 09:59, 30/06/2021 c 468

0:00 / 0:00

Қазақстандық мектептерде қауіпсіздік шаралары толық қамтылмаған. Білім ордаларындағы бейнебақылау камераларының тең жартысы тиісті талаптарға сай емес. Дабыл түймесі, күзет қызметі мүлдем қамтылмаған мектептер де баршылық. Еске сала кетейік, Татарстанның Қазан қаласындағы мектепте орын алған қайғылы жағдайдан соң, қазақстандық мектептердегі қауіпсіздік мәселесі қолға алына бастаған еді.

Бала қауіпсіздігі басты мәселе. Еліміздің  мектептердегі қауіпсіздік шаралары сын көтермейді. Білім министрлігі барлық мектеп бейнебақылау камералармен қамтамасыз етілген деп мәлімдеп отыр. Алайда, ол  камералар көзбояушылық үшін қойылғандай. Жүргізілген тексеру нәтижесінде республикадағы мектептердің бейнебақылау камераларының  тең жартысы талаптарға сай емес екені мәлім болды.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ІІМ -«Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер табылды.Мектептер 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бірақ оның жартысы яғни 45,5 пайызы стандартқа сай келмейді. Жұмыс істемейтін, тоққа қосылмаған және барлық аумақты қамтымаған камералар бар.Егер сол ауданда жарық өшіп қалса, камералар да жұмыс істемей қалады»

Тұрғымбаев бейнекамералар мектепке кіретін және шығатын есікте, әр қабатта және аулада тұруы керек дейді. Одан бөлек камералардың барлығы Жедел басқару орталығына қосылмаған. Республика бойынша бұл орталыққа тек 1085 мектеп қосылған. Ал елімізде 7 мыңан аса мектеп бар. Мектептердің 30 пайызында ғана дыбыстық және сигналдық хабарлау жүйесі қосылған. Сондай-ақ, мектептердің күзет қызметі де кенже қалып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат жеткіліксіз дейді білім министр.

Ал білім беру ұйымдарында дабыл түймелерін орнату үшін  жергілікті бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Бірақ бұл жеткіліксіз дейді Аймағамбетов. Күзеті жоқ мектептерді лицензияланған күзетпен қамтуға қосымша 828 млн теңге мөлшерінде сома бөлді. Алайда бұл сұраныстарға  қажетті сома 5,7 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ оқушыларды тасымалдауға  қосымша 515 автокөлік сатып алу қажет. Енді алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектеп қызметкерлері мен оқушылар үшін тұрақты арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Оларға теракт, шабуыл, өрт, жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі үйретілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.