Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ «БАУЫРСАҚ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

c 17:28, 13/03/2023 c 122

0:00 / 0:00

Оралдағы №45 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылар мен ұстаздар мәре-сәре күйге түсті. Мұнда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз тойын мерекелеу аясында «Бауырсақ» фестивалі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш мерекелік шара 14 наурыз -Көрісу күнімен тұспа-тұс келіп отыр.

Мектеп ұжымы мен оқушылар түгел ұлттық киім киіп, асық ойыны дәріптелді. Бастауыш сынып оқушыларына бауырсақтың дайындалу жолы мен түрлері кеңінен түсірілді. Домбыраның күмбірімен мерекенің әсерін сезінген қатысушылар мақал-мәтел, жаңылпаш айтып жарысты. Ақ дастарханға қойылған түрлі бауырсақтан дәм татқан балалардың көңіл-күйін қызықты ойындар үстей түсті.

"Бауырсақ" фестиваліне қаланың 50 мектебі мен 50 мектепке дейінгі ұйымы қамтылды. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, апта бойы мектептерде "Отбасым байлығым" отбасылық сайыс, "Ертегілер еліне саяхат" ұлттық ертегі қойылымдары, "Қош келдің, әз Наурыз" мерекелік шарасы, тәрбие сағаттары өткізілмек. 14 наурыз - Көрісу күні қазақтың Жаңа жылына ұласатыны белгілі. Бұл күні салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың дәріптелуіне аса мән беріледі. Білім ордаларында дәстүрге айналған танымдық шаралар ұйымдастырылып, ұлттық киім мен ойындар үйлесім табады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.