Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектептегі тамақтану бағасы артты

c 17:49, 07/10/2021 c 2141

0:00 / 0:00

Обылыста мектептердегі тамақтандыру бағасы артты. Бұған негізгі себеп қазіргі таңдағы қымбатшылық болып отыр. Оралдағы 51 мектепте бастауыш сыныптарда ыссы тамақпен қамту шаралары ұйымдастырылған. Бірнеше жылдан бері өңірде әлеуметтік аз қамтылған балалар ыстық тамақпен қамтылып келеді. Оның орташа бағасы 200-250 теңге. Демек бағаның өсуімен реттеліп отырады. 1-ші төртінші сынып оқушыларының тамақтануы үшін қаражат қалалық бюджеттен қарастырылады. Өткен аптада қоғамдық тамақтану ассоцациясының өкілдері облыс әкімінің қабылдауында болып, қымбатшылыққа орай бір баланың аухаттану ақысын 485 теңгеге дейін өсіру мәселен көтертіпті. БҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Нұржан Мақсотовтың айтуынша салаға өзгерістердің енгізілуіне облыстық прокуратура өкілдеріде мұрындық болған. Қазір Оралдағы 52 мектепкетегі оқушыларды тамақтандыру ісімен 7 кәсіпкер қызмет көрсетеді. Солардың бірі кәсіпкер - Ляна Тұрсынованың айтуынша, бұған дейінгі бекітілген баға өте төмен. Және мектеп жасындағы балаларды құнарлы тамақтандыру үшін кем дегенде 500 теңге жұмсалуы тиіс.Тұрғындар балаларының мектепте тамақтануын қолдайды. Өйткені дұрыс тамақтану өскіншек ұрпақтың болашағы үшін маңызды деп біледі. Оралда 1-4 сыныптарда - 25 545 оқушы болса, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалар саны - 1035.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.