0:00 / 0:00
Еліміз бойынша 3-ші шілдеден дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы басталды. Қайырылымдылық шарасы биыл 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. Акцияның негізгі мақсаты: әлеуметтік тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға лайықты білім алуға мүмкіндік туғызу. Сала мамандары акция аясында бірінші кезекте қанша баланың көмекке мұқтаж екендігі анықталады. Соған сай мектеп құралдарымен қамтамасыз етілетін болады- дейді. Өткен жылы мемлекеттік мекемелер мен бизнес субьектілері облыс бойынша 11 мыңнан астам бүлдіршінге көмек көрсетіпті. Осы мақсатқа жұмсалған қаражат көлемі 62 миллион теңгені құраған. Атымтай -Жомарттар биыл да бұл игі шарадан тыс қалмайтыны белгілі. "Мектепке жол" қайырылымдық шарасы 30-ші қыркүйекке дейін жалғасатын болады.