0:00 / 0:00
Оралда "Жүректен жүрекке" қайырымдылық жобасы аясында "Мектепке жол" акциясы өтті. Қайырымдылық шарасына Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мен демеушілер демеу болды.
Мемлекет қызыл судан зардап шеккен жандарды жан-жақты қолдап жатыр. Ассамблея жастары су тасқынынан зәбір көрген отбасылардың балаларына арнап, ноутбук, киім-кешек табыстады. Жиын Салтанат сарайында өтті.
Ассамблея жастары мен демеушілердің қолдауын сезінген жандар алғысын айтып, мемлекеттік қолдаудан тарықпағанын айтады. Қолдауды сезінген жандардың бірі-Замира Омарова. Ол көпбалалы ана. Бұрын "Үміткер" саяжайында тұрыпты. Қайырымдылық шарасы аясында немересі мен кенже баласы оқуға қажетті құрал-жабдыққа ие болды. 7 сыныпқа енді көшкен ұлы оқу жылы қарсаңында су жаңа техника алғанына дән риза.
Ассамблея жастары мен демеушілер қолдаған қайырымдылық шарасы аясында 170-ке жуық ноутбук пен киім-кешек қала оқушыларына табысталады. Қалғаны ауылдық жерде оқитын оқушыларға сыйға тартылады.