0:00 / 0:00
1-ші тамыздан бастап "Мектеп жәрмеңкесі" атты шара кезекті мәрте ұйымдастырылмақ. Бұл шара "Мектепке жол" акциясын қолдауға бағытталған. Тамыздың бірінші жұлдызынан бастап аталмыш жәрмеңке Дина Нұрсейісова көшесінде болады деп жоспарлануда. Жәрмеңкеге қатысқысы келетін кәсіпкерлер шілденің 25-сіне қалалық әкімдікке келіп, өтініш білдірулері керек. Жәрмеңкенің ұйымдастырушылары бизнес субьектілеріне көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған отбасыларға жәрдемдесуге шақырады.