0:00 / 0:00
Оралда мектеп оқушысын ұрлап кетпек болған ер адам қолға түсті. Жәбірленуші қаладағы №44 мектеп-гимназиясының 5-ші сыныбында оқиды. Оқиға 16-шы қазан күні болған. Мектептен шыққан қыз бала Қонаев атындағы шағынауданда №27 үйге қарай кетіп бара жатқан. Сол мезгілде қара киім киген бейтаныс ер адам артынан келіп, мойнынан ұстап, артқа қарай сүйреген. Қорыққан қыз бала қатты шыңғырып жіберген. Оны сол маңда көріп қалған әйел адам құтқарып қалған. БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың мәлім еткеніндей, аталған оқиға туралы қыздың ата-анасы бірден полицияға жүгінбеген. Ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін жедел тергеу тобы мен учаскелік инспектор қыздың мекенжайына барып, содан соң тергеу амалдары жүргізілген.