Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты. Оқиға бүгін сағат 09.10 шамасында Московская көшесінде болды. 22 жастағы жүргізуші қыз автокөлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен. Жасөсіпірім ауыр халде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.