Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

c 08:58, 27/08 c 12

0:00 / 0:00

БҚО жаңа оқу жылы қарсаңында халықаралық қаржы тобының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Акция аясында биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 350 баласына мектеп жинақтары мен ноутбуктер берілетіндігі белгілі болды.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 20 тамызда басталып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларын қолдауға бағытталған. Бастама аясында 350 мектеп сөмкесі мен оқу құрал, қажеттілік, оның ішінде ноутбуктар, маусымдық және спорттық киімдер ​​таратылады. Орал қаласымен қатар Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары мен Бәйтерек аудандарына осындай көрсетіледі.

Бұл акцияны ұйымдастыруға және өткізуге «Жастар ассамблеясының» 50-ге жуық еріктісі қатысуда. Олар мектеп жинақтарын таратуға көмектесіп қана қоймай, көмекке мұқтаж әрбір отбасы қолдаудан құр қалмас үшін үй-үйді аралайды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын бұл ұлттық акция еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалар мен облыстарды қамтитын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.