0:00 / 0:00
Мектеп оқушыларының тамақтануы олардың денсаулығы үшін маңызды. Баланың физикалық дамуына, ақыл-ой жұмысына және әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Жаңа 2024-2025 оқу жылында оқушылар 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Бұл орайда, эпидемиолог мамандар негізгі талаптарды ұсынады.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА
БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мектептердегі тағамның сапасы бағаланып, арнайы журналға жазылады. Тексеруді медициналық қызметкер немесе мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға жүргізеді. Сондай-ақ балалардың тамақтанатын орнында міндетті түрде әкімшілікпен бекітілген ас мәзірі ілінуі тиіс. Тағамның атауы мен шығынды қоса көрсету талап етіледі.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА
БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сондай-ақ эпидемиологтер мектеп асханасында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдарды, сапасыз көкөністер мен жемістерді, кілегей қосылған өнімдерді, саңырауқұлақ пен квастарды пайдалануға қатаң тыйым салынғанын хабарлады. Бұл шектеудің қатарына кофе, энергетикалық сусындар, алкоголь, газдалған сусындар және өсімдік майлы балмұздақтар да кіреді.