Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп формасы міндетті емес

c 17:19, 26/08/2021 c 714

Жаңа оқу жылында Білім және ғылым министрлігі мектеп формасын міндетті түрде кию туралы талапты қайтадан алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Оны классикалық стильдегі киіммен ауыстыруға болады. Мектеп формасына қатысты мәселе шешілгенімен арнаулы киімдер сатылатын дүкендердегі халықтың қарасы қалың.Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзекті бола түседі. Пандемияға байланысты өткен жылы міндетті мектеп формасы алынып тасталды. Биыл Білім және ғылым министрлігі бұл шешімді ұзарту туралы шешім қабылдады. Дегенмен де мектеп формалары сатылатын киім дүкендерінде сұраныс жоғары көрінеді.
Міне, дәл осы оқушылар жаңа оқу жылын бұрынғыша бастамақ. Яғни, санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектепке барып, білімдерін ала береді. Ата-аналар жағдайдың біртіндеп реттеліп келе жатырғанына риза. Мектеп формасын қолдағандар мен қарсылық білдіргендердің пікірлерін саралап, классикалық стильдегі киімге рұқсат берілген. Яғни ақ немеса қара түсті үлгі сақталады. Орал қаласында аз қамтылған, көп балалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3500 оқушы болса, оларды жаңа оқу жылына дайындау үшін қазынадан қаражат бөлінген. "Десе де, мектеп формасын сатып алу, не алмауы оқушылардың өз еркі",-дейді білім саласында жүрген мамандар.
Пандемияға дейін оқушыларға мектеп формасын кию міндетті болғанын айта кеткен жөн. Алайда былтыр эпидемиология ахуалын ескеріп, оқушыларға мектепке арнайы формамен ғана емес, классикалық стильдегі киіммен де келуге рұқсат берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.