0:00 / 0:00
Оралдық мектептердің асханасы толықтай жұмысын қайта бастады. Санитарлық талаптарға сәйкес адам саны тамақтану орнының 30 пайызынан аспауы тиіс. 1-ші және 4-ші сынып оқушыларын тамақтандыруға 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінсе, аз қамтылған отбасы балаларына 89 млн. теңге қарастырылған. Айта кеткен жөн, әзірге өткен жылғы тендер жеңімпаздары жұмысын жалғастырады. Екіжақты келісімшарт мерзімі ұзартылған. Бүгінгі ас мәзірінде дәруменге бай 50 грамм салат, 250 грамм бұршақ сорпасы, 25 грамм нан және компот. Бұл барлық мектептерге ортақ мәзір. Бағасы 162 теңге тұрады. Өткен жылы бұл баға -150 теңгені құраған болатын.Асханада санитарлық талаптар күшейтілді. Аспаздар медициналық бетпердесіз қызмет етпейді. Жасөспірімдер тамақтану орнына арнайы кесте бойынша кезекпен барады. Әрбір үстелде 2 адамнан артық отыруға болмайды.Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайына байланысты аз қамтылған отбасы балалары мен 4 сыныпқа дейінгі оқушылар тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Асханалардағы санитарлық талаптарға баса мән берілген. Барлық санитарлық-гигиеналық талап, арақашықтық сақталып отыр. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту әрбір елдімекендегі эпидахуалға байланысты жүргізілуде.Мамандардың айтуынша, асханаларда әзірге санитарлық талаптардың бұзылу дерегі тіркелген жоқ.