Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ КҮШ КӨРСЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНАДЫ

c 14:48, 03/03/2023 c 215

0:00 / 0:00

1 наурыз күні «Батыс су арнасы» ЖШС-нің баспасөз қызметкері Бауыржан Ғилажев қызметтік міндеттерін атқару кезінде жеке ассенизатор көлігінің қалалық кәріз желісіне сарқынды суды төгіп жатқанын байқаған. Дереу ассенизатор жүргізушісіне сарқынды суды белгіленген нысанға жеткізу қажеттігін айтып, ескерту жасаған. Алайда жүгенсіз жүргізуші бұл кеңеске құлақ аспай, мекеме қызметкеріне жұдырық ала жүгіріпті.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №546 бұйрығына сәйкес сарқынды суды төгу қызмет берушімен келісім бойынша жабдықталған су төгетін орындарда жүзеге асырылады. Заңнамада белгіленген шектеуді ескерсек, жүргізуші жауапкершіліктен жалтара алмайды. БҚО ПД хабарлауынша, мамандар оқиға орнында әкімшілік хаттама толтырған. Құқықбұзушылық дерегі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша қаралып жатыр.

Осылайша, қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғаға күш көрсеткені үшін 42 жастағы жүргізушіге 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейін қамау алу жазасы тағайындалуы мүмкін. Сот отырысы 6 наурызға жоспарланған.

 

 

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.