Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мейрамханаларды тексерді

c 16:19, 19/03/2020 c 723

0:00 / 0:00

Оралдық құқық қорғаушылар мен санитарлық дәрігерлер сағат 22:00-ден кейін жұмысын тоқтатпаған мейрамханалар мен кафелерді тексеру үшін рейдке шықты. Президенттің 16-шы наурыздан бастап еліміздің барлық аумағында төтенше жағдай жариялауына байланысты барлық кәсіпкерлер мейрамханалар мен кафелерін кешкі сағат онда жабуы қажет.

Әлемге таралған короновируспен күресу үшін президент Тоқаев 16-шы наурыздан бастап еліміздің аумағында төтенше жағдай жариялап, дерттің таралуына тойтарыс беру үшін бірнеше шектеу шаралары қолға алынды. Солардың бірі -қоғамдық орындардың яғни, мейрамхана мен кафелердің жұмыс жасайтын уақыты қысқарды. Енді барлық мекемелер кешкі сағат 10-да жұмысын тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ, санитарлық дәрігер мейрамханалар әрбір екі сағат сайын дезинфекцияланып, ғимараттың ішінде 50 мейманнан аспауы керек деп ескертеді.

Бірақ, қазіргі таңда шектеулерге бағынбай, қызметін жалғастырмақ болмақ мейрамханалар бар. Оларды анықтап, қызметін тоқтату үшін, санитарлық талаптардың сақталуы үшін полиция қызметкерлері, әкімдік пен санитарлық мамандар арнайы рейдке шықты. Тәртіп сақшылары жарлыққа бағынбаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте ескерту жасалса, кейін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын айтады.

Рейд барысында талаптарды бұзып, 22: 00-ден кейін жұмысын тоқтаған мейрамхана анықталды. Полиция қызметкерлері төтенше жағдайға бағынбаған кәсіпкерлік нысанына әкімшілік айыппұл салды. Құқық қорғаушылар қала тұрғындары тәртіпке бағынбай, кешкі 10-нан кейін қызметін жалғастырған мейрамхана мен кафелерді көрсе, бірден 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.