Батыс Қазақстан облысында 406 мың дана масканы Қазақстаннан Ресейге алып бара жатқан жүргізуші ұсталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-әскери бөлімі мамандары мәлім еткеніндей, оқиға 15 сәуір күні сағат 20.00-де «Сырым» авто өткелінде тіркелді. Қазақстандық азамат тізгіндеп бара жатқан «ДАФ» жүк көлігін тексерген кезде бір рет қолданылатын 406 мың дана маска табылды. Оның бастапқы құны - 36,108 млн теңге. Еске сала кетейік, бұдан бұрын 22 мың масканы алып кетіп бара жатқан ресейлік азамат ұсталған болатын.