Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медициналық пойыз өз жұмысын бастады

c 17:20, 28/07/2022 c 1762

0:00 / 0:00

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысы аумағында өз жұмысын бастады.«Жылжымалы емхана» 9 тамызға дейін өңірдегі 9 шалғай станцияға тоқтайды. Пойыз қызметкерлері күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, емдік көмек көрсететін болады.

Сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай отырған шалғайда жатқан станциялар мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу мақсатында 23 мамырдан бастап жұмыс жасап келе жатырған «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы 25 шілде күні БҚО аумағына келіп жетті. Осыған дейін аталған пойыз 25-26 шілдеде Тасқала, 27-28 шілде күндері Деркөл тұрғындарын медициналық тексерістен өткізіп үлгерсе, 29-30 шілде Переметный, 31 шілде мен 1 тамыз аралағында Белес, 2-3 тамыз Жайық, 4-5 тамыз Алғабас және 6-7 тамыз Амангелді станцияларына аялдайды. Облыстағы өз жұмысын 8-9 тамыз аралығында Шыңғырлау бекетіндегі жергілікті халыққа қажетті көмек көрсеткен соң аяқтамақ. 8 вагоннан құралған пойызда терапевт, невропатолог, маммолог, уролог, тіс дәрігері сынды 36 маман қызмет етеді. Және науқастар үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған. Күні бүгінге дейін медициналық пойыз қызметкерлерінен тиісті көмек алып үлгерген облыс тұрғындарының алғыстары шексіз. Батыс Қазақстан облысындағы жұмысын аяқтағаннан соң «Жәрдем» медициналық пойызы Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы шалғай станцияларда өз жұмысын жалғастыратын болады.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.