0:00 / 0:00
БҚО-дағы достық үйінде медиаторлар бас қосты. Арнайы ұйымдастырылған алқалы жиынға облыс басшысы да қатысып, осы саланың өзекті мәселелері талқыға түсті.
Достық үйінде өткен Форум Батыс Қазақстан облысындағы медиацияның тиімді әдістерін жетілдіру мәселелеріне арналды. Жергілікті атқарушы органдар мен Ассамблея өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлардың қатысуымен өткен жиынға облыс басшысы да арнайы келіпті. Алғаш боп сөз алған өңір әкімі бұрынғы би-қазылардың қазіргі заманғы көрінісі болған медиаторлар жұмысының маңызын атап өтті.
2011 жылы медиация туралы заң қабылданғаннан бері облысымызда да кәсіби және азаматтық медиаторлар қызмет атқаруда. Сотқа дейін төрелік қызметін атқаратын олардың бүгінде басты мақсаты азаматтардың уақытын, ақшасын үнемдеу. Осы міндет мақсаттарды тілге тиек еткен облыстық соттың төрағасы Бек Әметов те өңірде медиаторлардың қызметі тиісінше насихатталмайтын айтып өтті. Өзекті мәселені шешу үшін де бүгінгі жиын ұйымдастырылыпты.
БҚО-да бүгінде 255 медиатор бар олардың 207сі кәсіби болса, 48і кәсіби емес. Өңіріміздің медиаторлары көмегімен сот орындарында 2695 іс, сотқа дейін 785 іс медиациялық келісім бойынша шешіліпті. Бүгінде аудан-ауданда да бұл сала жұмысы қызып тұр.
Форум соңында медиаторлар қауымдастығын құру шешімі шығып, келер жылға нақты жоспар құрылды.