0:00 / 0:00
Мәжілістің алтыншы шақырылымы жылды қорытындылады. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің мәлімдеуінше, осы шақырылым барысында Парламент палаталарының 23 бірлескен отырысы, Мәжілісте 1208 мәселе қаралған, 186 жалпы отырысы өтті. Осы уақыт ішінде палатаның қарауында 487 заң жобасы болып, оның 432-сі қабылданып, Сенатқа жолданды. Ал бүгінгі таңда 391 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды. Тағы ерекше айта кететін жағдай, Мәжіліс депутаттары осы шақырылымда 60 заң жобасына өздері бастамашы болды.
Парламент мәжілісінің алтыншы шақырылымы тышқан жылын қортындылады. 2020 жылдағы соңғы жалпы отырысын өткізген мәжілісмендер, жаңа жылды қарсы алу шарасына асықты ма, бұл жолы депутаттық сауал да жолдамады. Шум
Пандемия барысында халық үшін маңызды деген азңдар қабылданды. «Халық денсаулығы», «Экологиялық кодекс», «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» және Салық туралы заңдарды қарап, мақұлдады. Тіпті, карантин барысында мәжілісмендер белсенді болып кетті. Төменгі палата депутаттары 60 заң жобасына бастамашы болды.
Мәжіліс бес жыл ішінде 1150 депутаттық сауал жолдап, тұрғындардан 23 700-ге жуық хат алып, жауап қайтарған. Айта кету керек, алтыншы шақырылым депутаттары жылы орнымен көпке ұзамай қоштасады. Себебі, алдағы жылдағы сайлауда қазақстандықтар су жаңа парламент депутаттарын сайлайды. Әрине бүгінгі отырған депутаттардың 50 пайызы қайта оралуы да мүмкін.