Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘЖІЛІСМЕН Е. БАРЛЫБАЕВ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

c 12:19, 04/07 c 44

0:00 / 0:00

Ауыз су тапшылығы мәселесі - әлем елдерімен қоса, Қазақстанда да өзекті. Сарапшылардың айтуынша, таза ауыз суды тұрмыста ғана емес, шаруашылыққа пайдалану нәтижесінде тапшылық сезіледі. Техникалық суды қайта өңдеудің мүмкіндігі аз. БҚО-да «ВодЭкоФильтр» ЖШС тіршілік нәрін тазартуда бірнеше жобаны қолға алған. Өңірлерге сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің «AQ JOL» ҚДП фракциясының депутаты, экология мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Ерлан Барлыбаев, «AQ JOL» ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет, ақжолдық депутат Ержан Хасанов аталмыш кәсіпорын базасында болып, облысты таза сумен қамту бағытындағы жұмыстармен танысты.

ЕРЛАН БАРЛЫБАЕВ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

«ВодЭкоФильтр» мекемесі суды тазарту, дезинфекциялау және ағынды суларды тазарту қондырғыларын дайындау мен орнату қызметтерін ұсынады. Компанияның атсалысуымен 360-тан астам қондырғы іске қосылып, тұрғындар таза ауыз су тұтынуға мүмкіндік алған. Мекеме басшылығы 100-ге жуық маманды жұмыспен қамтып отыр. Бұл салаға қызығушылық танытатын қызметкерлер бар көрінеді. Алайда кәсіпорынның оларды еңбекпен қамтуына қаражат мәселесі кедергі болып тұр. Мәжілісмен Ерлан Барлыбаевпен тілдескен Сергей Рабцевич мәселемен қоса, ұсыныстарын да жеткізді.

СЕРГЕЙ РАБЦЕВИЧ
МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ

БҚО - көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі. Мол судың келуі тұрғындарды орын-жайсыз қалдырғаны өз алдына, күнделікті тұтынатын ауыз суға кері әсерін тигізеді. Кездесуге қатысқан «AQ JOL» партиясының облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов бұл мәселеде судан сынама алып, адам денсаулығына қауіпсіздігі тексерілуі қажет екенін атап өтті. Мәслихаттың кезекті отырысында депутаттық сауал да жолданбақ.

ЕРЖАН ХАСАНОВ
«AQ JOL» ҚДП ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Мекеме басшысының айтуынша, министрлік тарапынан ұсыныстары қолдау тапса, жұмысшылардың санын мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ауыз су тапшылығы мәселесінде кәсіпорында жобаларды қолдау арқылы таза ауыз суға қол жеткізудің мүмкіндігі одан сайын артпақ. ҚР Парламенті Мәжілісінің экология мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Ерлан Барлыбаев бұл мәселені бақылауда ұстайтынын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.