0:00 / 0:00
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева Ақжайық өлкесіне жасаған жұмыс сапары барысында "Орал сауда-өнеркәсіп" компаниясының жұмысшыларымен кездесті. Мәжіліс депутаты оралдықтармен жүздесіп, 5-ші маусымда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіріп өтті
"Ақжол" партиясының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты болып сайланған Дания Еспаева мен Ерлан Барлыбаев жұмыс сапарымен Орал қаласына табан тіреді. Қос депутат ең алдымен студенттермен кездескен еді. Кездесулер легі "Орал сауда-өнеркәсіп" кәсіпорны қызметкерлерімен жүздесумен жалғасты. Жиын барысында мәжілісмен 5-ші маусымда өтетін референдумның не үшін ұйымдастырылатынын түсіндіріп берді.
Жалпы кездесу өткен зауытта 160 астам азамат жұмыс жасайды. Бүгінде өндіріс ошағы су, газбен жабдықтаумен айналысып, телекоммуникация жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын, металл плиткаларын жасайды.
Мәжіліс депутаттарымен кездесу жалғаспақ. Олар еңбек ұжымдарында референдумға байланысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.