Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты референдумды түсіндірді

c 17:50, 13/05/2022 c 1176

0:00 / 0:00

Парламент мәжілісінің депутаты Дания Еспаева белгілі кәсіпкер Біржан Қожақовтың шеберханасында болды. Депутат бизнес субъектісінің жасаған қолөнер бұйымдарымен танысып, қызметкерге 5-ші маусымда болатын референдум жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.

Аймаққа жұмыс сапарымен келген депутат Дания Еспаева "Ғибадат" шеберханасының жұмысымен танысты. Жұмысшылармен жүздескен халық қалаулысы 5-ші маусымда өтетін референдум туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Маусымда өтетін рефендумда Ата Заңның 33 бабына 56 өзгеріс енбек. Өзгерістердің бірі депутаттарға қатысты. Мәжіліс депутаттарының 70 пайызын партиядан ұсынса, қалған 30 пайызын азаматтар дауыс беру арқылы таңдайды. Дауыс беру арқылы бұқара халық аудан мен қалалық мәслихат депутаттарын сайлайды. Ал, облыстық мәслихаттың депутаттарының тең жартысын саяси партиялар таңдаса, жартысы халықтың даусымен анықталмақ.

Өңірге жұмыс сапарымен келген мәжілісмен ұлттық нақышта жиһаз жасап, өзге өндіріс ошақтарымен тең жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынның жағдайымен танысты. Кәсіпкердің қарамағында 17 адам нәпақасын тауып отыр. Олардың көбі- мүмкіндігі шектеулі жандар. Он екі мүшесі сау кәсіпкерлермен иық тіресе жұмыс жасап жүрген Біржан Қожақов кәсібін дөңгелентуге кедергі жасап жүрген проблемаларын айтып берді.

Кәсіпкердің мұң-мұқтажын тыңдаған депутат сал ауруымен ауратын балаларға арналған құрылғыға назар аударып, сырқат бөбектердің саулығын дұрыстауға септігін тигізетін құрылғыларды сатып алу мәселесін мемлекет көтеру керектігін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.