ҚР мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев БҚО-на жұмыс сапарымен келді. Ел ағасы "Отбасы" орталығында болып, көпбалалы аналарымен тілдесті.
Жетінші шақырылымның мәжіліс депутаты Оралға келген сапарын аналармен кездесуден бастады. Ол өткен жылы ашылған "Отбасы" орталығына табан тіреп, мекеменің жұмысымен танысты. Қызметкерлермен тілдескен депутат осындай жобаның елордада 2019 жылы ашылғанын тілге тиек етті. Астаналық мамандар аналардың мемлекеттік қызмет алуына мұрындық болып, түрлі сауалда қолғабыс қылады.
Жалпы Оралда өткен жылы ашылған "Отбасы" орталығы 1000 астам көмек сұрап келген адамға жәрдемдескен. Орталықта психолог, заңгер, әлеуметтік сұрақтар бойынша бағыт-бағдар беретін мамандар жұмыстанады. Және көбіне әйел адамдарға арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
Осы орталыққа келіп, жаңа өнер үйреніп жатқан қыз-келіншектер көп. Оларға мемлекеттік гранттың шарапын көріп, кәсібін бастаған кәсіпкер ханымдар қол ұшын созуда.